+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Қ. Тоқаевтың алғашқы президенттік жылы» атты «дөңгелек үстел» туралы

2020 жылғы 8 шілдеде Америка сыртқы саясат кеңесі жанындағы вашингтондық Орталық Азия мен Кавказ институтының (ОАКИ) алаңында онлайн режимінде «Қазақстан тақырыптар шеңберінен тыс. Қ. Тоқаевтың алғашқы президенттік жылы». Виртуалды форумға қатысу үшін Орталық Азия өңірінің проблемаларына және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылық танытқан 90 американдық саясаттанушылар, дипломаттар мен журналистер тіркелді. «Дөңгелек үстелді» ОАКИ негізін қалаушы және президенті, Орталық Азия бойынша американдық жетекші сарапшы Фредерик Старр және ОАКИ директоры, Еуразиядағы қауіпсіздік саясаты мен мәселелері бойынша маман швед ғалымы Сванте Корнелл жүргізді.

Форум қатысушыларының назарына Мемлекет басшысы бастамашылық еткен әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси салалардағы институционалдық реформалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ халықаралық қатынастардың қазіргі жай-күйін бағалау туралы тақырыпты Қазақстан тарабынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма төрағасының орынбасары Болат Нұрғалиев таныстырды.

Б. Нұрғалиев виртуалды аудиторияның назарын Қазақстан Президенті ағымдағы жылдың 6 наурызында бекіткен сыртқы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелеріне аударды.

Қазақстандық өкілдер «дөңгелек үстелдің» ұйымдастырушылары мен қатысушыларының өздерінің геосаяси ортасындағы интеграциялық үдерістерді шоғырландыру, Орталық Азияға қатысты Д.Трамп әкімшілігі қабылдаған стратегияны бағалау, әр түрлі салалардағы ішкі аймақтық ынтымақтастықты жандандыру перспективалары, сондай-ақ елдің саяси жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыты ретінде «еститін үкімет» тұжырымдамасын іске асыру ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.

 

Виртуалды форум материалдары ОАКИ және Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің сайттарында орналастырылған.