+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ сарапшылары Швеция Риксдагында Орталық Азия парламенттерімен Достық қауымдастығын құру салтанатты іс-шарасына қатысты

Швецияның Риксдагында алғаш рет Орталық Азия парламенттерімен Достық қауымдастығы құрылды. Швед саясаткерлерінің бұл маңызды қадамы осы ірі Скандинавия елі мен ауқымды Орталық Азия өңірі арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететін диалог үшін кеңістік құруға бағытталған.

Ашылу салтанатына Қазақстанның Швециядағы Елшісі Қ. Әбдірахманов, Қауымдастықтың төрағасы Х. Вестерин, Швед парламентарийлері, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалары жөніндегі Елшісі Т. Шаймергенов, Сыртқы саяси зерттеулер институтының Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы М. Қабазиев, Сыртқы саяси зерттеулер институтының Корпоративтік хатшысы О. Досов, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы ӘЭСИ директоры Е. Салтыбаев және т.б. қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Орталық Азия елдерінің қарым-қатынастарын дамыту жөніндегі уағдаластықтардың іске асырылу барысымен, өңірдің ауқымды экономикалық әлеуетімен, Қазақстан мен Швеция арасындағы дәстүрлі тығыз ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегімен, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы реформалар үдерісімен танысты.

Швед парламентарийлері Қазақстан мен Қырғызстандағы алдағы парламенттік және президенттік сайлауларға қатысты ерекше қызығушылық танытты. Қауымдастық мүшелері Орталық Азиядағы Халықаралық қарым-қатынастар мен геосаясаттың басқа да өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.