+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Шәкіров Асқар Оразалыұлы

Шәкіров Асқар Оразалыұлы

Директорлар Кеңесінің Төрағасы

ССЗИ ДК-не сайланғаны: ҚР Сыртқы істер министрінің 16.03.2020 ж. №11-1-4/108 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары.
1956 жылғы 2 ақпанда Қарағанды қаласында туған.

Образование, специальность (квалификация), лицензии:
• М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтын, КСРО ІІМ академиясының күндізгі адьюнктурасын бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты. Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.
• 1 класс Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық рангісі бар.

Еңбек жолы:
• 1978 жылдан 1992 жылға дейін – КСРО Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
• 1992 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарттар-құқықтық басқармасының бөлім меңгерушісі, бастықтың орынбасары, бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі алқасының мүшесі.
• 1995 жылдан 1996 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенімді өкіл.
• 1996 жылғы мамыр - сәуір айлары арағында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елші.
• 1996 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
• 1998 жылдан 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Индиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
• 2004 жылғы тамыз айынан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
• 2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитетінің төрағасы.
• 2007 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
• 2012 жылғы 27 қыркүйекте – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған.
• 2017 жылғы 4 қыркүйекте – ҚР Президентінің ұсынуы бойынша ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне сайланды.
• 2019 жылғы 13 тамызда – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
• 2019 жылғы 2 қыркүйекте – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Государственные и международные награды, премии, почетные звания:
• «Құрмет» орденімен және 21 медальмен марапатталған.