+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Вакансиялар

«Сыртқы саяси зерттеулер инсституты» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру

«Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау жарияланады.

1. Қоғамның атауы және мекенжайы:
«Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ
010000, Астана қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 32/1 ғимараты
Тел.: +7 7172 39 53 06
Веб-сайт: https://sszi.kz/
Негізгі қызмет түрлері: сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында талдамалық зерттеулер жүргізу; меншікті мүлікті жалға беру және басқару.

2. Үміткерге қойылатын талаптар:
- Жоғары білім және/немесе магистр дәрежесі;
- Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі кемінде 10 жыл;
- Директорлар кеңесінің мүшесі кемінде 1 жыл және басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
- Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы.

3. Қажетті құжаттар:
1.    Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш (Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
2.    Үміткердің түйіндемесі;
3.    Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4.    Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
5.    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6.    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген, үміткердің соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқ екенін растайтын құжаттар;
7.    Экономика, бизнес немесе құқық салаларының бірінде (кейбірінде) мүшелігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
8.    Үміткер туралы мәліметтер (Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
9.    «Тәуелсіз директор» сертификатының көшірмесі.
* Іріктеуге қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже мен атақтардың берілуі туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсынымдары және т.б.).

4. Құжаттарды ұсыну мерзімі және тәсілі:
- Құжаттарды қабылдау басталатын күн: осы хабарландыру Жалғыз акционердің (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі) және Қоғамның интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап.
- Құжаттарды ұсыну мерзімі: 10 (он) күнтізбелік күн ішінде.
- Мекенжайы (қолма-қол тапсыру үшін): Астана қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 32/1 ғимараты.
- Электрондық пошта: office@sszi.kz (хаттың тақырыбында ««Сыртқы саяси зерттеулер институты» тәуелсіз директорын іріктеу» деп көрсету қажет).
Құжаттар Жалғыз акционердің (ҚР СІМ) атына жабық конвертте ұсынылады. Конвертте: «Үміткердің материалдары (Т.А.Ә.) «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры лауазымына іріктеуге қатысу үшін» деген жазу және үміткердің мекенжайы көрсетілуі тиіс.

5. Қосымша ақпарат:
- Үміткер ұсынған құжаттар толық болуы, ал құжаттардың көшірмелері анық сканерленген, бұлыңғыр емес болуы тиіс. Қажет болған жағдайда Комиссия құжаттардың түпнұсқаларын сұратуға құқылы.
- Екіден кем өтінім түскен немесе барлық үміткерлердің кандидатуралары қабылданбаған жағдайда, конкурс өткізілмеген деп танылады.
Байланысушы тұлға: Комиссия хатшысы (тел.: +7 7172 72 08 08).


Басталу уақыты
29 қазан 2025

Соңғы күні
07 қараша 2025
 


06.04.2023 ж.
Сыртқы саяси зерттеулер институты халықаралық мәселелермен айналысатын тұлғаларды сарапшы ретінде жұмысқа алуға мүдделі. Жоғары бейінді білімнің болуы, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу және талдау мекемелерінде немесе ақпараттық-талдау орталықтарында жұмыс тәжірибесі, талдамалық зерттеулер жүргізуде және болжамды-талдамалық материалдарды дайындауда кәсіби дағдылары болуы, мемлекеттік, орыс және кем дегенде бір шет тілін білуі қажет.
Ниет білдірушілер түйіндемені office@sszi.kz электрондық пошта мекенжайына жібере алады немесе (7172) 39-52-81, (7172) 57-11-12 телефондарына хабарласа алады.