+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қытайдың «CGTN» Медиа-корпорациясына сұхбат

2025 жылғы 14 тамызда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қытайдың «CGTN» Медиа-корпорациясына көпжақты ынтымақтастық мәселелері және «Адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығы» Тұжырымдамасының, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-тегеуріндері контекстінде жаһандық басқару жүйесін жаңғыртудағы Қытайдың үш жаһандық бастамасының (даму, қауіпсіздік және өркениет) рөлі туралы сұхбат берді. 
Б.Нұрғалиев ҚХР төрағалығымен өтетін ШЫҰ-ның алдағы саммиті аясында Қытай тарапының Ұйымның жоғары сапалы дамуын қамтамасыз ету және ШЫҰ қызметінің саяси, экономикалық және гуманитарлық өлшемдері бойынша серпінді өзара іс-қимылға қол жеткізу жөніндегі күш-жігерін бағалау туралы сұрақтарға жауап берді. Ағымдағы халықаралық жағдайдың ерекшеліктеріне қатысты «Шанхай рухы» қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, қытай халқының жапон оккупациясына қарсы соғыстағы жеңісі мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісінің 80 жылдығына қатысты мәселелер қамтылды. БҰҰ іргесі қаланғанына 80 жыл толуына орай осы әмбебап ұйымның халықаралық тәртіптің тиімді қызметін қолдауға, жалпыға ортақ бейбітшілікті сақтауға және БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қосқан үлесіне баға берілді.