Ағымдағы жылдың 28 қазанында Нидерланды-Қазақстан бизнес қауымдастығы (NKBA) «Қазақстандағы су проблемалары» тақырыбында вебинар өткізді (https://nkba.nl/news).
Вебинарға 20-дан астам сарапшылар, оныңішінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ өкілі М.Жәкенов қатысты.
Вебинарда NKBA төрағасы, НидерландыдағыҚазақстанныңқұрметті консулы Х.Нибург «Қазақстандағы құрғақшылық: оқиға немесе климаттың өзгеруінің салдары» атты баяндама жасады. Біздің елдің су ресурстарын пайдалану, суфакторы мен байланысты тәуекелдердің алдын алу және азайту үшін жаңа тәсілдер мен құралдарды қолдану мәселелері бойынша сараптамалық талқылау өтті.