+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Пагуош комитетінің Қазақстандағы 4-ші отырысы

2021 жылғы 28 қаңтарда Cыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев Қазақстанның Пагуош комитетінің 4-ші отырысына он-лайн түрінде қатысты.

С.Савельев өз сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында айтқан мәлімдемесіне назар аударып, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу біздің еліміз үшін басты басымдық болып қала береді деп айтты.

Пандемияға қарамастан, ағымдағы жылдың басы қару-жарақты бақылау және таратпау саласында белгілі бір дәрежеде үміт күтетіндей болды - Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт күшіне енді, АҚШ пен Ресей Стратегиялық шабуыл қаруы туралы шарттың қолданысын ұзартуға келісті, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен жалпыға ортақ іс-қимыл жоспарының қолданысын қалпына келтіруде оң беталыс байқалуда.

С.Савельев 2021 жылы Семей сынақ полигонының жабылуының 30-жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың ядролық қарусыздану және оны таратпау саласындағы бастамаларын ілгерілетуге ерекше назар аударуды ұсынды.