2021 жылы 7 қыркүйекте Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының кеңсесінде АӨСШК Хатшылығының тапсырысы бойынша ҚР СІМ жанындағы Cыртқы саяси зерттеулер институты ұжымы орындаған Хатшылықтың атқарушы директоры Қайрат Сарыбайдың және оның қызметкерлері тобының "АӨСШК елдерінің аймақтық стратегиялық келісімдер бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері" талдамалық шолуының таныстырылымы өтті.
Таныстырылымда сөз сөйлеген ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі тиімді құрылымды құру жөніндегі бастамасының жай-күйі мен одан әрі ілгерілеу перспективаларын сараптамалық талдаудың маңыздылығын атап өтті. Хатшылық қызметкерлерінің назарына ССЗИ халықаралық құрылымдар бөлімінің басшысы Мадина Жарбосынова Азия елдерінің қауіпсіздігін және тұрақты дамуын бірлесіп қамтамасыз ету үшін Азия аймақтық құрылымдарының әлеуетін біріктіру мүмкіндіктері, сондай-ақ АӨСШК-ні өзара іс-қимылдың әмбебап тетігі ретінде одан әрі институционализация мүмкіндіктері бойынша зерттеудің негізгі ережелері мен ұсынымдарын ұсынды.