2026 жылғы 26 қарашада ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев «24KZ» телеарнасының тікелей эфирдегі жаңалықтар бағдарламасына қатысып, сұхбат берді.
Сұхбаттың тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жұмыс сапары және оның AI Journey 2026 жасанды интеллект жөніндегі Халықаралық конференцияға қатысуы болды.
Эфир күн тәртібі Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық байланыстарын дамытуды, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды және энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистикадағы өзара іс-қимыл перспективаларын қамтыды.
Технологиялық ынтымақтастыққа, цифрлық шешімдерді бірлесіп әзірлеу және сараптамалық тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанда жарияланған цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ЖИ-нің екіжақты күн тәртібіндегі орны және екі елдің бизнесі, ғылыми қоғамдастығы мен білім беру мекемелерінің практикалық өзара іс-қимылының перспективалық бағыттары талқыланды.
«24KZ»YouTube арнасындағы сұхбаттың бейнежазбасы https://youtu.be/_z9hFDDq2cQ?si=6CzBqTX0jDOEWSLw
.jpg)









