+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиевтің Пәкістан Елшісі Сажад Ахмед Сихармен кездесуі

2021 жылы 13 қыркүйекте ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Пәкістан Ислам Республикасының Нұр-Сұлтандағы Елшісі Сажад Ахмед Сихармен кездесті. 

Сұхбаттасушылар Кабулда Талибан қозғалысының (Қазақстанда және бірқатар басқа елдерде террористік ұйым ретінде тыйым салынған) билікке келуі аясында Орталық және Оңтүстік Азиядағы жағдайдың даму перспективаларына баға берді, сондай-ақ Душанбеде өтетін ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитінің қарсаңында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай Пәкістан Елшілігі өткізетін іс-шараларға Сыртқы саяси зерттеулер институтының қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.