+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Қазақстан-Қытай: ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан-Қытай мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестігі"

2021 жылы 24 қыркүйекте Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралардың сериясы шеңберінде "Қазақстан-Қытай: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан-Қытай мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестігі" тақырыбындағы өткен халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысты. Шараны Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі Қытай қоғамдық ғылымдар академиясымен (ҚҚҒА) бірлесіп ұйымдастырды.

Онлайн-конференцияда ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Қытайды зерттеу орталығы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты, қытай тарапынан – ҚҚҒА, Қытай халықаралық проблемалар академиясы және Қытай заманауи халықаралық қарым-қатынастар академиясының басшылығы сөз сөйледі.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев іс-шараға қатысушыларды Қазақстанның соңғы он жылдықтардағы қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен егжей-тегжейлі таныстырды.

Конференцияға қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері туралы өз баяндамаларын ұсынды. Қытай сарапшылары Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктерін және оның қазіргі заманғы өңірлік және жаһандық мәселелерді шешуге белсенді қатысуын жоғары бағалады.

Сондай-ақ, М.Қабазиев конференция тақырыбы аясында баяндама жасады мәтіні қоса беріліп отыр).