2021 жылы 30 қыркүйекте Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев "Инклюзивті Талибан үкіметі – заманауи мемлекеттік құрылым моделінің дилеммасы. Балансты іздеу." атты тақырыбында халықаралық "дөңгелек үстелде" спикер ретінде сөз сөйледі. " Шығыс-Батыс " халықаралық геосаяси болжау орталығы және Нұр-сұлтан қаласының Саяси зерттеулер қауымдастығымен бірге ұйымдастырылған.
Іс-шараға ҚР Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі, БАӘ, Өзбекстан және Пәкістан елдерінің Қазақстандағы Елшілері, ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Басшысының орынбасары, қоғам қайраткерлері мен Ауғанстан бойынша сарапшылар қатысты.
М.Қабазиев "Ауғанстанның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары" тақырыбында баяндама жасады (баяндама мәтіні қосымшада).