+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Өзбекстанның Халықаралық Орталық Азия институты және Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты өкілдерімен кездесу

2021 жылы 3 желтоқсанда Сыртқы саяси зерттеулер институтында Орталық Азия халықаралық институты директорының орынбасары Бахтиер Мұстафаевпен, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты орталығының басшысы Амир Салямовпен, Орталық Азия халықаралық институтының жетекші маманы Кристина Журакуловамен кездесу өтті. Олар Қазақстанның зерттеу құрылымдарымен бірлескен іс-шараларға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген. 

Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев, корпоративтік хатшы Алмат Өмірзақ, сарапшы Қуандық Жатқақбаев сұхбаттасушыларды институттың мақсаты, миссиясы және міндеті, атап айтқанда, еліміздің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыруға байланысты кешенді талдамалық зерттеулер жүргізу саласымен таныстырды, сондай-ақ өзбек сарапшыларымен халықаралық жағдайдың өзекті мәселелеріне баға берді.

ССЗИ-дың Өзбекстанның аталған талдау институттарымен өзара іс-қимылын орнату жолдары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.