+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған дөңгелек үстелге қатысу туралы

2025 жылғы 24 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Алмат Тоекин онлайн режимде Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы күніне және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған дөңгелек үстелге қатысты.
 А.Тоекин Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің мәселелері бойынша баяндама жасады. Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ өкілдері мен қазақстандық дипломаттар қатысты. Қытай тарапынан Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының және ШЫҰ зерттеу институтының қызметкерлері болды.