2022 жылғы 26 қаңтарда Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Түрікменстанның Қазақстандағы Елшісі Батыр Реджеповпен кездесті.
Б.Нұрғалиев сұхбаттасын Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ, қазақстандық ССЗИ мен мамандандырылған түркімен аналитикалық құрылымдарының өзара әрекеттесу перспективалары талқыланды. Түркіменстан Елшісі Ашхабадтың қазақстандық серіктестермен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.