+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Басқарма Төрағасының Иранның Қазақстандағы Елшісімен кездесуі

2022 жылғы 15 ақпанда Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Иранның Қазақстандағы Елшісі Маджид Самадзаде Сабермен кездесті.

Әңгіме барысында Басқарма Төрағасы Елшіні Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Қазақстан мен Иран арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия өңіріндегі өзекті проблемалар талқыланды. Елшімен Институттың Иран Ислам Республикасының жетекші талдау орталықтарымен ынтымақтастығын дамытудағы өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.