2022 жылғы 3 наурызда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ– Қазақстан гуманитарлық - заң университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің 1 және 2 курс студенттері алдында халықаралық қатынастардың қазіргі жағдайы және Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары туралы дәріс оқыды.
Дәрістен кейін елімізде және шетелде болып жатқан оқиғалар бойынша студенттердің көптеген сұрақтарына толық жауаптар берілді.