+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ топ жетекшісінің «Jana Qazaqstan» зияткерлік кеңістігін ашылуына қатысуы

2022 жылғы 14 маусымда Нұр-Сұлтанда ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен "Қазақстан жаңа геосаяси жағдайларда: трендтер, сын-қатерлер мен стратегиялар" атты "Jana Qazaqstan" зияткерлік кеңістігінің ашылуы өтті. Жаңа алаңның миссиясы-жаңа Қазақстанның күн тәртібін талқылау және қазақстандық қоғамда зияткерлік пікірталастарды ынталандыру.

Іс-шараға ССЗИ Талдау және болжамдау тобының жетекшісі Амангелді Тәженов қатысты. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы Айгүл Құспан құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қазақстанның талдау институттарының басшылары мен сарапшылары пікірайтысқа қатысты.