2022 жылғы 24 маусымда Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Елшілігінде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Елші Дастан Дүйшекеевпен кездесті.
Әңгіме барысында Манарбек Қабазиев Қырғыз Елшісін Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Қазақстанмен Қырғызстан арасындағы саяси және сауда – экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйімен перспективалары, сондай-ақ Орталық Азия өңіріндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, ССЗИ-дің қырғыз ғылыми және талдау орталықтарымен, оның ішінде пікірталастар мен конференциялар өткізу, сондай-ақ сыртқы саясат мәселелері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу арқылы байланыс орнатуға өзара қызығушылық білдірілді.