2022 жылғы 29 маусымда Бейжіңде "Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Хартиясына" қол қойылуының 20 жылдығына және "ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы Шартына" қол қойылуының 15 жылдығына арналған "дөңгелек үстел" өтті.
ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, шетелдік жетекші институттардың басшылары мен сарапшылары баяндама жасады.
Іс-шараға Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев онлайн форматта қатысты.