2026 жылғы 6 қарашада Сыртқы саяси зерттеулер институтында ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Еуразиялық экономикалық одақ Соты Хатшылығы басшысының орынбасары – Қаржы және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бастығы Нұрхан Мерманқұловпен кездесті.
Кездесу Институттың халықаралық ұйымдар қызметінің тәжірибесін зерделеу жөніндегі талдамалық және зерттеу жұмысы шеңберінде өткізілді.
Әңгімелесу барысында құқық қолдану тәжірибесі және халықаралық құрылымдардың қызметін әкімшілік қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Ішкі нормативтік актілерді қолдануға, қаржылық және кадрлық жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ мүше мемлекеттермен және қабылдаушы мемлекетпен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Халықаралық қызметшілердің құқықтық мәртебесі, персоналға қойылатын кәсіби талаптар және халықаралық хатшылықтардың жұмысындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты. Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу үшін мамандар даярлау тәсілдері талқыланды.
М.Қабазиев қолданбалы талдамалық материалдарды дайындау және қазақстандық мамандардың кәсіби құзыреттерін дамыту үшін халықаралық институттардың практикалық тәжірибесін зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша әрі қарай сараптамалық және ақпараттық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін қарастырды.