+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстан мен Қытайдың өзара іс-қимылы: сын-қатерлерімен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу

2022 жылғы 9 қыркүйекте онлайн-форматта ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты Шанхай халықаралық зерттеулер академиясымен бірлесіп «Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа геосаяси жағдайдағы өзараіс-қимыл: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл екі аналитикалық құрылымның соңғы уақыттағы екінші бірлескен іс-шарасы.

Конференция жұмысы ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиевтің кіріспе сөзінен басталды (сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі). Сондай-ақ, қатысушыларға арнап Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының президенті Чэнь Дунсяо, Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев және ҚР-дағы ҚХР Елшісі Чжан Сяо сөз сөйледі.

ССЗИ Талдау және болжамдау тобының жетекшісі Әмір Башбаев «Жаңа әлемдік үдерістер контекстіндегі Қазақстан-Қытай қатынастары» атты бірінші сессиясының модераторы ретінде қатысты.Қазақстан мен Қытайдың бірқатар жетекші талдау орталықтарының сарапшылары Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағының түрлі аспектілері бойынша баяндамалар ұсынды.

Конференцияны Шанхай халықаралық зерттеулер академиясыРесей және Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры Цян Сяоюнь, ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев және Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов қорытындылады.