2022 жылғы 28 қыркүйекте Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев оқыту бағдарламасы шеңберінде елімізге келген БҰҰ-ның қарусыздану саласындағы 26 стипендиатымен кездесуге қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде өтті. Өз сөзінде 1992 жылы Қазақстаннан БҰҰ-ның алғашқы стипендиаты болған Болат Нұрғалиев қатысушыларды ядролық инфрақұрылымнан құтылу жөніндегі қазақстандық күш-жігердің тарихи аспектілерімен, сондай-ақ Қазақстанның қарусыздану бастамаларының өзекті маңыздылығымен таныстырды. Басқарма Төрағасы стипендиаттардың көптеген сұрақтарына жауап берді.