+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстанның Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Түрікменстан Стратегиялық зерттеулер ғылыми орталығы арасында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

2022 жылғы 15 қазанда Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институтының Стратегиялық зерттеулер ғылыми орталығы арасында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстан тарапынан Меморандумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қол қойды. Түрікмендік тараптан Түрікменстан Министрлік Кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қол қойды.

Бұл Меморандум одан әрі ынтымақтастыққа, өзара ақпарат алмасуға, нақты жобалар, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, тағы басқа бірлескен іс-шаралар өткізуге бағытталған.