+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Басқарма Төрағасының Кукмин университетінің профессорымен кездесуі

2022 жылғы 2 қарашада ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Корея Республикасы Кукмин университетінің профессоры Ли Санг Джунмен және ол басқарған оңтүстік кореялық халықаралық зерттеушілер тобымен кездесті.

Б. Нұрғалиев шетелдік әріптестерін институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ халықаралық қатынастардың қазіргі жай-күйіне, өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне және Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының іске асырылу барысына баға берді.

Профессор Ли Санг Джунмен Институттың Кукмин университетімен тұрақты байланысын қамтамасыз ету келісілді.

Кездесуге Басқарма төрағасының орынбасары А. Тәженов пен Институт сарапшылары қатысты.