+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Басқарма Төрағасының Орынбасары Манарбек Қабазиевтің мемлекеттік және муниципалды басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың сарапшылар тобымен кездесуі

2022 жылғы 21 қарашада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (МБА) ССЗИ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтің мемлекеттік және муниципалды басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (EAPAA) сараптамалық тобымен кездесуі өтті. Оның шеңберінде кадрлар даярлау және мемлекеттік басқару саласындағы бірлескен зерттеулер кезіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Халықаралық бағдарламаларды дамыту және аккредиттеу, білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау мен рейтингісін интеграциялау мәселелері қозғалды.

Еуропалық университеттердің сыртқы сарапшылар тобы өз бетінше бағалау негізінде, сондай-ақ магистранттар, оқытушылар және мүдделі ведомстволар мен институттардың, соның ішінде ССЗИ шақырылған өкілдері арасында сауалнама жүргізу негізінде EAPAA аккредиттеу комитетіне МБА білім беру бағдарламаларының еуропалық стандарттарына сәйкестігі туралы қорытынды ұсынады.