+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Серб саясаткерлерімен және сарапшыларымен пікірталас

2022 жылғы 15 желтоқсанда ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Белград Халықаралық қатынастар және тұрақты даму орталығы (ХҚТДО) ұйымдастырған Орталық Азиядағы реформалар мен геосаяси өзгерістер тақырыбына арналған онлайн пікірталасына қатысты.

Іс-шараны Сербияның бұрынғы Сыртқы істер министрі, қазіргі таңда ХҚТДО-ның басшысы Вук Йеремич басқарды. Белград, Братислава, Любляна және Ташкентте орналасқан басқа да сарапшылармен бірлесіп Болат Нұрғалиев Қазақстанның саяси және экономикалық салаларын реформалау барысы, еліміздің Орталық Азиядағы қауіпсіздігі және тұрақты даму мәселелерін шешуде драйвер ретіндегі рөлі туралы сұрақтарға жауап берді.

Қазақстандық саясаттанушы Астананың сыртқы саяси стратегиясының тұжырымдамалық аспектілерін сипаттап, оның көпвекторлылық, тең құқықтылық және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін шартсыз қорғау қағидаттарына берік ұстанымын атап өтті.