Ү.ж. 25 сәуірінде ССЗИ Корпоративтік хатшысы Гаухар Бейсеева Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар аясында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ашық сабақ өткізді.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылардың назарына ҚР Сыртқы істер министрлігінің қалыптасуы мен қызметінің негізгі кезеңдері, Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту жөніндегі қазақстандық бастамаларды іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды.
Дипломатиялық жұмыстың түрлі тақырыптары бойынша интерактивті әңгімелесу өтті. Г. Бейсеева жеке кәсіби тәжірибесінен алынған мысалдармен бөлісті.
Кездесуге Университет проректоры Ж. Сағындықова және оқытушылар құрамы, сондай-ақ тарих, құқықтану және шет тілдері факультеттерінің студенттері қатысты.