+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Халықаралық бақылаушылармен кездесулер туралы

2023 жылғы 17-20 наурыз аралығында Институтта ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиевтың Қазақстанға Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын бақылау үшін келген түрлі елдердің халықаралық бақылаушыларымен кездесулері өтті.

Олардың арасында М. Бойм атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі Ежи Оледзкий (Польша), Кавказ тарихы орталығының директоры Ризван Гусейнов (Әзірбайжан), Жерорта теңізі Еуразиялық зерттеулер қауымдастығы (СеЅЕМ) директорының орынбасары Стефано Верноле (Италия), ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшелері, Румыния Парламентінің депутаттары Дон Барна, Некулай Дунава, Флорин-Александрау Алексе, Австрия еуропалық саясат және қауіпсіздік Институтының Басқарма мүшесі Мартин Сайдик болды. Румыния парламентшілерін Румынияның Қазақстандағы елшісі Мадалина Лупу алып жүрді.

Болат Нұрғалиев әңгімелесушілерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси және экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы айтып берді.

Өткен парламенттік сайлауының Қазақстанның әлемдік қоғамдастық арасында орналасуына әсері, сондай-ақ еліміздің Польша, Әзірбайжан, Румыния, Италия және Австриямен қарым-қатынасының даму перспективалары туралы пікір алмасу болды. Сыртқы саяси зерттеулер институтын шетелдік қонақтар құрылымдары жүргізетін іс-шараларға тарту туралы нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді.