+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары. Парламенттік сайлау қорытындылары» атты дөңгелек үстел

2023 жылғы 28 наурызда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев онлайн форматта Қазақстанның Польшадағы елшілігі ұйымдастырған «Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың реформалары. Парламенттік сайлаудың қорытындысы» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Әділетті Қазақстан» құру жөніндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары мәселелері талқыланды.

Болат Нұрғалиев баяндама жасады (сөз мәтіні қоса беріледі).

Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына Польша Республикасы Сеймі мен Сенатының депутаттары, Польша Сыртқы Істер Министрлігінің, академиялық топтардың өкілдері қатысып, баяндама жасады. Іс-шараға Польшада оқитын қазақстандық студенттер де қатысты.