2026 жылғы 18 маусымда «Казахстанская правда» республикалық қоғамдық-саяси газетінде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың «Мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында Қазақстанның Ауғанстанмен ынтымақтастықты дамытудағы заманауи тәсілдеріне және өңірлік процестердегі еліміздің өсіп келе жатқан рөліне арналған авторлық мақаласы жарияланды.
Мақалада cоңғы жылдары Қазақстан Ауғанстанмен өзара іс-қимылдың араласпау, егемендікті құрметтеу және өңірлік экономикалық және гуманитарлық процестерге жауапкершілікпен тарту қағидаттарына негізделген прагматикалық моделін дәйекті түрде іске асырып келе жатқаны атап өтілген.
Басылымда Қазақстан-Ауғанстан қатынастарының негізі сауда-экономикалық ынтымақтастық, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік-логистикалық дәліздерді дамыту, гуманитарлық өзара іс-қимыл және білім беру бағдарламалары болып табылатыны атап өтілген.
Мақалада сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақты даму мәселелерін талқылау үшін Қазақстанның халықаралық алаң ретіндегі рөлі артып келе жатқандығы атап өтілді. Бұл тұрғыда Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының ашылуы ерекше маңызға ие.
Автор Мемлекет басшысының өңірлік өзара байланысты нығайтуға және прагматикалық тарту саясатын ілгерілетуге бағытталған сыртқы саяси бағыты Ауғанстанның орнықты дамуына жәрдемдесу мәселелері бойынша халықаралық қоғамдастықтың негізгі әріптестерінің бірі ретінде Қазақстанның ұстанымын нығайтуға ықпал ететінін атап көрсетеді.
Мақаланың толық мәтіні мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://kazpravda.kz/n/prostranstvo-vozmozhnostey-z3/
.jpg)