2023 жылғы 23 сәуірде ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай Қазақстан мен Қытай БАҚ сарапшылары мен өкілдерінің «Қазіргі Қытай: сұрақтар мен жауаптар» атты семинарына қатысты. Іс-шара қазақстандық Қытайды зерттеу орталығы тарапынан ҚХР-ның Астанадағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинарға ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қазақстандық және қытайлық саясаттанушылар қатысты.