+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысу

2023 жылғы 11 мамырда ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Астана халықаралық университеті ҚХР Цинхуа университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына арналған «Жібек жолына 10 жыл, БББЖ сапалы бірлескен құрылысы» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

Конференцияда Қазақстан, Қытай және Ресейден келген сыртқы саяси зерттеулер саласындағы жетекші сарапшылар БББЖ-ға қатысушы елдердің онжылдық ынтымақтастығының қорытындыларын талқылады. 

М.Қабазиев «БББЖ шеңберіндегі Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының негізгі аспектілері» атты баяндама жасады (сөз мәтіні қоса беріледі).