2023 жылғы 2 маусымда Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев және Сыртқы саяси зерттеулер институтының Талдау және болжамдау тобының қызметкерлері Астанаға келген Франция қарулы күштері министрлігінің Стратегия және халықаралық қатынастар бас басқармасының өкілдері – Еуропа, Солтүстік Америка және көпжақты ынтымақтастық елдері бөлімінің басшысы Гийом Оллание және аталған бөлімнің сарапшысы Панпи Этчеверримен кездесті. Кездесуге Қазақстандағы Франция елшілігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі полковник Жан-Филипп Тардье қатысты.
Өңірлік қауіпсіздік және ауған факторының рөлі мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, халықаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелердің бағаларымен бөлісті.