2023 жылғы 7 маусымда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Мексика Елшісі Хосе Луис Мартинез Эрнандезмен кездесті. Кездесуге ҚР СІМ Америка департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов, Мексиканың ҚР - дағы құрметті консулы Ерқанат Қожахметов қатысты.
М. Қабазиев сұхбаттасушыны Институт қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде шетелдік аналитикалық құрылымдармен серіктестік байланыстар орнату туралы хабардар етті. Қазақстан мен Мексика арасындағы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ Мексиканың Қазақстан астанасындағы Елшілігінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудің практикалық мәселелері талқыланды.