+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Канадалық сарапшылармен кездесу

2023 жылғы 6 маусымда Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Халықаралық форумға қатысу үшін Астанаға келген Канаданың Макдональд-Лорье институтының  сыртқы саясат, ұлттық қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаның аға ғылыми қызметкері және директоры Джонатан Миллермен және Мак Гилл Университетінің профессоры, Канаданың Азия-Тынық мұхиты қорының жетекші ғылыми қызметкері Барт Эдеспен кездесу өткізді. 

Канадалық сарапшылар өз қызметі туралы ақпаратпен, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.  Өз кезегінде Б.Нұрғалиев өзі басқаратын Институттың негізгі функциялары және халықаралық жағдайдың күрт асқынуы жағдайында Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары туралы айтып берді. Қазақстандық және канадалық зерттеу құрылымдары арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.