Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен 2023 жылғы 7-11 шілде аралығында Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Ташкентте кезектен тыс президенттік сайлауда халықаралық бақылаушы ретінде қатысты. Дауыс беру күні ол Өзбекстан астанасындағы бірнеше сайлау учаскелеріне барып, азаматтардың ерік білдіру процесін бақылап, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, президенттікке кандидаттардың қоғамдық өкілдерімен, сондай-ақ өзбек БАҚ журналистерімен сөйлесті.
Б. Нұрғалиев «Өзбекстан» және «Өзбекстан-24» телеарналарына сұхбат беріп, сайлау процесінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүшелік шеңберінде қабылданған Заң үстемдігін сақтау жөніндегі Өзбекстанның халықаралық стандарттары мен міндеттемелеріне нақты сәйкестігіне қатысты өз бағаларымен бөлісті.
7 шілдеде ССЗИ Басқарма Төрағасы «Өзгермелі әлемдегі Орталық Азия» Әлемдік экономика және дипломатия университетінің Халықаралық ілгері зерттеулер институты тарапынан ұйымдастырылған халықаралық конференциясына қатысты. Өзбекстаннан, АҚШ-тан, Үндістаннан, Ұлыбританиядан, Франциядан, Малайзиядан және Германиядан келген сыртқы саяси мәселелер бойынша сарапшы - басқа қатысушылармен қатар Болат Нұрғалиев Орталық Азиядағы ағымдағы ахуал туралы бағаларымен жаһандық геосаяси дағдарыстың әсер етуінің ағымдағы жағдайы және өңірлік интеграция перспективалары туралы өз көзқарасымен бөлісе отырып баяндама жасады.
Ташкентке сапар барысында ССЗИ басшысын Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты Төрағасының Бірінші орынбасары, Әлемдік экономика және дипломатия университетінің ректоры Содық Сафоев қабылдады. Аталған университет құрамына кіретін Халықаралық ілгері зерттеулер институты мен Дипломатия институтының ССЗИ-мен жұмыс байланыстарын, сондай-ақ екі елдің талдамалық құрылымдары арасында тәжірибелік ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.