+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«ШЫҰ дамуының өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге қатысу

2023 жылғы 10-13 қазан аралығында ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев бастаған делегациясы Әлемдік экономика және дипломатия университетінің (ӘЭДУ) жанындағы Перспективалы халықаралық зерттеулер институтының қолдауымен «ШЫҰ дамуының өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысу үшін Өзбекстан Республикасына сапар жасады.
Сараптамалық талқылаудың назарында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері және ШЫҰ-ның басқа өңірлік мекемелермен ынтымақтастық перспективалары, экономикалық даму, көлік және энергетика, экология және цифрлық технологиялар мәселелері болды. Қазақстанның 2023-2024 жылдары ШЫҰ-ға төрағалық ету перспективаларына ерекше назар аударылды.  

Іс-шара барысында өзбек және қазақ сарапшылары ШЫҰ жұмысының жалпы тиімділігін арттыруға және осы Ұйым шеңберіндегі екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға байланысты бірқатар бастамаларды көтерді. Ташкенттегі іс-шараның басты нәтижесі ШЫҰ дамуының өзекті мәселелері мен перспективалары қорытынды өзара түсіністігін растайтын құжатын әзірлеу болды.
Тараптар ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты  мен ӘЭДУ жанындағы Перспективалы халықаралық зерттеулер институты арасында өзара түсіністік туралы Меморандум қабылдады. Құжатқа ССЗИ Басқарма Төрағасы мен ПХЗИ директоры Шерзод Абдуллаев қол қойды.