+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазіргі әлемді зерттеу бойынша Қытай орталығының делегациясымен кездесу туралы

2023 жылғы 31 қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Бас директордың орынбасары Ци Вей бастаған Қытайдың қазіргі әлемді зерттеу орталығының (CCCWS) делегациясымен кездесті.

Б. Нұрғалиев қытайлық әріптестерін Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, халықаралық және өңірлік ахуалдың өзекті мәселелері жөнінде өз ойымен бөлісті. 

Кездесу барысында саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы, өңірлік трендтердегі Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігін одан әрі дамыту жөнінде егжей-тегжейлі пікір алмасу болды. «Бір белдеу, бір жол» Қытай бастамасын іске асырудың 10 жылдығында қазақстандық-қытайлық ынтымақтастыққа қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Кездесуге Басқарма төрағасының орынбасары М. Қабазиев және Талдау және болжамдау тобының жетекшісі А. Башбаев қатысты.