2023 жылғы 6 қарашада ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесті.
Б. Нұрғалиев Иран елшісін Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясын іске асыру үдерісіндегі түйінді сәттер туралы айтты. Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік ахуалдың өзекті мәселелерін талқылады, атап айтқанда, Орталық Азиядағы, Оңтүстік Кавказдағы және Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуалдың бағаларымен бөлісті. Бұдан басқа, халықаралық ұйымдар (ШЫҰ, ИЫҰ және т.б.) шеңберіндегі Қазақстан-Иран өзара іс-қимылы, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік жобаларды іске асыруға бірлескен қатысуы мәселелері қозғалды. ИИР Елшілігінің ССЗИ-дің сыртқы саяси мәселелермен айналысатын ирандық аналитикалық құрылымдармен серіктестігін кеңейтуге жәрдемдесу туралы келісімге қол жеткізілді.