2023 жылғы 7 қарашада ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Астанадағы Ұлыбритания елшілігінің Саясат бөлімінің басшысы Сэмюэл Миллспен кездесті.
Б. Нұрғалиев британдық дипломатты шетелдік аналитикалық құрылымдармен әріптестік байланыс орнату жоспарлары және Институт қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етті.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі ахуалдың даму перспективалары жайлы пікір алмасты, сондай-ақ ССЗИ-дің Ұлыбританияның халықаралық мәселелермен айналысатын «ақыл-ой орталықтарымен» өзара іс-қимыл әлеуетін талқылады.