2024 жылғы 26 сәуірде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Нидерландының "Клингендейл" халықаралық қатынастар институтының сарапшылары Нилс Дрост пен Джулия Креттимен кездесті. Нидерланд зерттеушілеріне Орталық Азиядағы геосаяси жағдайды және оның геосаяси ортасын бағалау жүргізілді.
Н.Дрост және Дж.Кретти Қазақстанның ЕО-мен қарым-қатынасы, Қазақстан мен Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың басқа республикалары арқылы ҚХР мен Еуроодақтың өзара байланысын қамтамасыз етудегі Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызы мәселелеріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ Орталық Азиядағы Еуроодақтың жаңартылған Стратегиясының қазақстандық көзқарасы талқыланды.