2026 жылғы 30 қазанда Cыртқы саяси зерттеулер институтының қызметкерлері Сергей Савельев пен Алмат Тоекин «Климат, қоршаған орта және қарулы қақтығыстар: ЭНМОД Конвенциясына 50 жыл» тақырыбында сараптамалық алмасуға қатысты.
Іс-шараға ҚР СІМ және Қорғаныс министрлігі, Орталық Азиядағы ХҚКК өңірлік өкілдігі, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, ЕҚЫҰ және ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың, сондай-ақ Қызыл Жарты Ай қоғамы мен қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар халықаралық гуманитарлық құқықтың өзекті мәселелерін, қарулы қақтығыстар жағдайында климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін, сондай-ақ тиісті құқықтық және тәжірибелік тәсілдерін әзірлеуді талқылады.



