+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«ЕАЭО туралы шартқа қол қойылған онжылдық: ортақ нарықтарды құрудың алдын ала қорытындылары және интеграцияны тереңдету жолдары» атты конференциясына қатысу

2024 жылғы 14 Мамырда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесі (РХІК) және Ресей СІМ ХҚММИ Еуразиялық оқу институты ұйымдастырған «ЕАЭО туралы шартқа қол қойылған онжылдық: ортақ нарықтарды құрудың алдын ала қорытындылары және интеграцияны тереңдету жолдары» атты конференциясына қатысты. Болат Нұрғалиев «ЕАЭО туралы шартты іске асырудың аралық қорытындылары. Бірлестікті жаңа жағдайларға бейімдеу бағыттары» атты бірінші сессияда сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық интеграция процесінің қазіргі жағдайы мен перспективаларына және Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясындағы ЕАЭО-ның маңыздылығына толық баға берді.
Мәскеу конференциясына ресей, беларусь және қырғыз сарапшылары, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігінің өкілдері қатысты.
Ағымдағы жылы бұл шетелдік аналитикалық құрылымдармен серіктестік байланыстарды белсенді дамытатын Сыртқы саяси зерттеулер институтының қатысуымен өткен екінші РХІК іс-шарасы болып табылды.