2024 жылғы 21 мамырда Cыртқы саяси зерттеулер институтының ұжымы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету акциясына қатысты.
Өз ынтымақтастығын білдіре отырып, қызметкерлер бір күндік жалақысын Петропавл қаласының «Қызылжар» корпоративтік қорына аударды.
Қор өкілдерінің айтуынша, аталған қаражат зардап шеккен азаматтар арасында бөлінетін қажетті заттарды сатып алуға жұмсалады.