2024 жылғы 9-11 қыркүйекте Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Алмат Тоекин Армения Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен «Yerevan Dialogue 2024» форумына қатысты. Форум Үндістанның Observer Research Foundation (ORF) талдау орталығымен бірлесе отырып. «Қалыптасып келе жатқан халықаралық тәртіп», «Коммуникациялар», «Байланыс геосаясаты: бәсекелестіктен ынтымақтастыққа», «Жасыл ауысу және энергетиканың болашағы», «Цифрлық қоғамдар тұрақты және қауіпсіз экономикалық қозғалтқыш ретінде», Еңбек саласының болашағы» атты панельдік сессияларда өткізілді. Армян және шетелдік зерттеушілер қазіргі халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері туралы мазмұнды талқылау жүргізді.