+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

АӨСШК әскери-саяси өлшемі бойынша семинарға қатысу туралы

2024 жылғы 25-26 қыркүйекте ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев «АӨСШК Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етудің тиімді көпжақты тетігі ретінде» атты тақырыбында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әскери-саяси өлшемін дамыту жөніндегі семинарға қатысты, оның ұйымдастырушылары ҚР Қорғаныс министрлігі мен АӨСШК Хатшылығы болды.
Семинар жұмысына Әзірбайжан, Бангладеш, Вьетнам, Қытай, Иран, Үндістан, Катар, Корея Республикасы, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, БАӘ дипломаттары мен сарапшылары, сондай-ақ Азиядағы қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын академиялық құрылымдардың өкілдері қатысты.
М. Қабазиев «АӨСШК кеңістігіндегі қауіпсіздік жолындағы сын-қатерлер мен қатерлер» тақырыбында баяндама жасады.