2026 жылғы 17-18 қарашада Cыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев DAKSHIN Орталығы Үндістан Үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған «Жаһандық Оңтүстік: жаңа стратегиялық әріптестік жолында» атты жоғары деңгейдегі Диалогқа онлайн қатысты.
Іс-шараға Үндістанның Мемлекеттік Сыртқы істер министрі Кирти Вардхан Сингх, дипломатиялық, академиялық және аналитикалық топтардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.










