2024 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында ССЗИ сарапшысы Г. Қасқарбаева БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған БҰҰ жыл сайынғы стипендия бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама Ұйымның қарусыздану, қаруды таратпау және бақылау саласындағы негізгі қызметін терең зерттеуге бағытталған, сонымен қатар Халықаралық ұйымдарға және Еуропа, Солтүстік Африка, Оңтүстік Америка мен Оңтүстік және Шығыс Азия елдеріне сапарларды қамтыды.
Оқыту қорытындысы бойынша Г.Қасқарбаева биологиялық және токсиндік қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияның ережелерін нығайту тақырыбында зерттеумен таныстырды. БҰҰ Бас Хатшысының қарусыздану жөніндегі орынбасары Изуми Накамицу қазақстандық стипендиатқаға Бағдарламаны сәтті аяқтағаны туралы диплом табыс етті.