2025 жылғы 28 қаңтарда Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстанның ПИР-дағы Елшілігімен және Пәкістан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Өңірлік зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырылған «Талибан қозғалысымен өзара іс-қимыл және Ауғанстандағы терроризм: Қазақстаннан көзқарас» атты онлайн-вебинарда дәріс оқыды. Іс-шараға Пәкістанның басқа да талдау орталықтарының өкілдері қатысты.
Б.Нұрғалиевтың сөзінде Ауғанстанның ішкі жағдайы, экономикалық және әлеуметтік салаларының жай-күйі, Кабулдың сыртқы саясаты, сондай-ақ Ислам Әмірлігін халықаралық тану перспективалары жайында баяндалды.
Қазақстанның және басқа да Орталық Азия республикаларының өңірлік интеграцияны қамтамасыз етудегі, Пәкістанмен бірлесіп, Ауғанстан аумағынан экстремистік және террористік топтардың болуына байланысты туындайтын Орталық және Оңтүстік Азия қауіпсіздігінің сын-қатерлер мен тәуекелдеріне ден қоюдағы рөлінің мәселесіне, сондай-ақ ИАӘ өтпелі үкіметінің өңір бойынша көршілерімен өзара іс-қимылының әртүрлі аспектілеріне ерекше назар аударылды.